Адвокатқа ұрланған ноутбук қайтарылды

227

«Ноутбук табылды! Шымкент Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес күдікті құрықталды. Қаңтар айының ортасында құқық өорғау қызметі орталығында адвокаттың ноутбугын ұрлап кеткен болатын. Ұрлықтың ашылуы да қызық жағдай…» деп адвокаттың әріптесі Талғат Есімов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Күдікті жағдайдың тым күрделі екендігін бағамдап, бәрін орнына қоймақ болған. Әрине қулыққа басқан. Таксист арқылы ноутбукты аталған ғимаратқа беріп жіберген. Аталған орталықтың өкілі ноуттың табылғандығы жөнінде адвокатқа хабарлаған. Ары қарай таксисті «түсіруге» тура келген. Тапсырысшының кім екенін білу де қиынға түспеген. Әлеуметтік желі өзінің әлеуетін көрсетті. Полицияға рахмет!» деп атап өтті Талғат Есімов.

31 қаңтар күні жедел іздестіру шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар Түркістан облысының тұрғыны құрықталды.

«Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігі бойынша яғни, «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар жоқтығын тексеру үстінде» деп хабарланды.

Аталған жәйт құқыққорғау қызметі орталығында түскі уақытта орын алған болатын.