Автобустар «Акбар» базар аялдамасына аялдайтын болды

310

Қоғамдық көліктер енді «Акбар» көтерме сауда орталығының алдындағы аялдамаға да тоқтайтын болды. Шымкенттіктердің сұранысы бойынша аялдама бұрынғы орнына қайтарылды.

Мұнда қазір белгі орнатылған. Тұрғындар түсіністік танытқан жергілікті билікке алғыстарын жаудырса, жеңіл көліктердің жүргізушілері жол-патрульдік полциясының әрекетіне наразы.

«Қоғамдық көлік» белгісінің тұсына жолдың жиегіне қойылған көлік эвакуаторға тиеліп, айыппұл бекетіне жеткізіледі. Енді мұнда аялдама. 15 метр қашықтықта көлік қоюға болмайды.