Оқу-жаттығуға 70-ке жуық қызметкер қатысты

177

Шымкент қалалық Қаратау аудандық сотынан шу шықты. Сот ғимаратына бейтаныс үш жігіт келіп, дау шығарды. Соттың шешімімен келіспейтін уәждерін айтып, сот төрағасының шығуын талап етті.

Суық қаруланған бөтелкеге жанармай құйып алыпты. Санаулы уақыттың ішінде қаланың барлық шұғыл қызметі осында жиналды. Сот ғимаратының аумағы қоршауға алынды.

Бұл алдын-ала дайындалған сценарий бойынша өрбіген оқу-жаттығу болып шықты. Осындай келеңсіз оқиғаға тап болған жағдайда мамандардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған шара. Оқу-жаттығуға әр саладан жұмылдырылған 70-ке жуық қызметкер қатысты.

Ернар Балабеков