«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысы өтті

295

Орталықтандырылған «Sanaly Urpaq» кеңсесінде «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің іс-шара өткізді.

Іс-шараға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің мүшелері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы А.Қапалбаева және білім басқармасының қызметкерлері, «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының төрағалары қатысты.
Алғашқы отырыста Жобалық кеңсенің жұмыс жоспары талқыланып, Жоба үйлестірушісі бекітілді.

Жобалық кеңсе мүшелерінің ортақ шешімімен Кеңсе үйлестірушісі ретінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің тәрбие істері жөніндегі проректоры А.Байғұтова тағайындалды.

«Біз жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастырғымыз келеді. Академиялық әділдікті қамтамасыз етіп, тиімді әдістемелерді жасаймыз. Жобалық кеңсе университтерден бөлек мектеп, балабақшалармен де тығыз байланыста болады. Фронт офис барлық Университеттерді біріктіріп, Шымкент қаласындағы білім салаларындағы жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Біздің атқаратын жұмыстарымыз көп. Осы жолда әр Университеттің, тіпті әр студенттің белсенділігі маңызды» деді Ақлима Мархабатқызы.

Өз кезегінде «Шымкент – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Е.Төлебаев «Мемлекет басшысы барлық Жолдауларында жастардың жобалары мен бастамаларына ерекше назар аударады. 2018 жылғы Президенттің Жолдауында жастардың білімі мен әлеуметтік жағдайына ерекше назар аударылды. Осы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Қоғамның даму процесін ілгерілетудің жетекші күші қазақстандық патриотизм, өз жеріне, Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік принциптерін ұстанған, жүрегінде әділетсіздік пен пайдакүнемдікке орны жоқ жастар болып табылады» деп атап өтті.

Іс-шара барысында Жобалық кеңсе мүшелері өз Университтерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып, жұмыс жоспарына енгізуге бірқатар ұсыныстар берді.

Айта кетейік, «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесін 2019 жылдың 23 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушев, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Университет ректоры О.Аяшев салататты түрде ашқан болатын. Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған орталықтандырылған Жобалық кеңсе Шымкенттегі барлық ЖОО біріктірді.