Тегін ем қабылдаудың тәртіптері қандай?

178

Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры ауруханада тегін емделу жолын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қордың баспасөз қызметі ауруханада тегін емделудің екі жолы барын атады. Жоспарлы түрде аурухана емделу: дәрігердің бағыттауы бойынша созылмалы аурулар мен өмірге қауіп төндіріп тұрмаған ауруларды емдеу.

Шұғыл ауруханаға жатқызу: пациенттің өміріне қауіп төндіріп тұрған, кейінге ысыруға келмейтін ауру бойынша стационардағы ем. Шұғыл емдеу әрдайым тегін жүргізіледі.
Стационардағы жоспарлы ем болса, дәрігердің бағыттауы бойынша тегін жүргізіледі. Ол емді қалай алуға болады?

өзіңіз қаралып жүрген ауруханаға барыңыз;
– дәрігер сізді қарап, ауруханаға жатқызу қажеттігін растау үшін тексеріс тағайындайды;
– тексерістен өтіңіз;
– дәрігердің бағыттуын ресімдеп алыңыз;
– сіз өз дәрігеріңізбен бірге емделетін медициналық ұйымыңызды таңдап ала аласыз; – аураханаға өтінімді тіркеңіз:
сіздің мәліметтеріңіз «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына тіркеледі; Көп жағдайда ауруханаға жатқызу мерзімі автоматты түрде белгіленеді.

Мамандандырылған ауруханаларда – онкологиялық, психиатриядық, наркологиядық, тері-венерологиялық немесе инфекциялық, басқа да емханаларда емделу мерзімі стационармен бірге айқындалады.
– ауруханаға жатып емделу үшін талон алыңыз:
сізге талонды кодпен бірге береді; – https://bg.eisz.kz/ сайтына кодты енгізіп, кезекті күтіңіз.

Ауруханаға жатар күні өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алып жүруді ұмытпаңыз:
– жеке куәлік; – ауруханаға жатуға арналған талон;
– диагностикалық тексеру нәтижелері;
– ауруханаға жатқызу туралы бағыттама-құжат.
Егер стационарлық ем басқа қалада жоспарланған болса, билет жайын өзіңіз реттегеніңіз дұрыс. Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры көлік шығынын өтемейді.

Егер ауруханаға жатуға қатысты кедергілер кездессе, дәрігерге бұл туралы ескерткеніңіз жұрыс. Әйтпесе, ауруханаға жатқызу мүмкіндігі жойылып кету мүмкін. Ауруханаға жатқызудан келесі жағдайда бас тартылуы мүмкін:

– егер ауруханаға жатудан бұрын пациент ауруханада қажетті тексерістен өтпеген жағдайда, қосымша тексерістен өтпеген уақытта;
– жоспарлы ауруханада емделуге қатысты пациентте қарама-қайшылық кездессе;
– пациентте стационарлық көмектің көрсетілгені жайлы құжаты болмаса, егер шешіммен келіспесесің Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына өтінішпен шыға аласыз.

Стационар пациентті бір тәулік күтеді. Уақтылы келе алмаған жағдайда бұл туралы ескертілуі керек. Әйтпесе, пациенттің өтінімі күшін жояды. Егер сізге жоспарлы ауруханадан емделуден бас тартылса, қордың халықпен жұмыс бойынша департаментіне хабарласуға болады: 8 7172 647 023, 8 7172 647 066, vopros@fms.kz.

Сонымен бірге, Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының сайтындағы «Халықтың бақылауы» түймешесі арқылы шағым қалдыруға болады.