Ғаламторда сатылатын тағамдар қауіпті ме?

301

Мереке қарсаңында асқазаныңызға абай болыңыз. Әсіресе кремді өнімдерді тұтынуда сақ болғаныңыз жөн. Осылай деп ескерту жасаған Еңбекші аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндіру шараларын жүргізді.

Санитар дәрігерлер бүгінде ғаламтор арқылы сатылатын кондитерлік өнімдерден улану жағдайларының көбейіп отырғанына алаңдаулы. Себебі, бұл тағамдардың дайындалу технологиясы көп жағдайда сақталмайды.

Мұндай тауарларды саудалаушылар еш құзырлы орындарда тіркелмейді. Сондықтан оларды анықтау, сатушыларға қандайда бір шаралар көру мүмкін емес дейді мамандар.

Бақытгүл Өтемісова, Еңбекші аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы: «Қазір ғаламторда торттар мен тәттілер сатылып жатады. Олардың қалай дайындалатынынан бейхабармыз. Қандай қоспалар қосылатынын де білмейміз. Сондықтан тауарларды тек белгілі орындардан ғана алу керек».

Мақпал Рысбаева