Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің басшысы қызметтен босатылды

242
Ашық дереккөздерден

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің басшысы Исламбек Әбішев қызметтен босатылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Ол (Әбішев – ҚазТАГ) 14 наурызда қызметінен босатылды», – деп хабарлады ҚазТАГ тілшісіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Әбішевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
«Біз ұсталғаны туралы ақпаратты әлі растай алмаймыз, біз әлі де мәліметтерді нақтылап жатырмыз», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Әбішев 2014 жылдың сәуір айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің бастығы болып тағайындалған болатын.