Кәсіподақ аруларға алғысын жаудырды

528

Нәзік жандыларға құрмет көрсетуден «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдері де қалыс қалмады. Түрлі салалардың кәсіподақ қызметінде жүрген және осы қызметтен зейнеткерлікке шыққан аяулы аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

 

 

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов әйелдер қауымын құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Еліміздің әлеуметтік-экономикасына, кәсіподақ қозғалысына қажырлы еңбектерімен сүбелі үлес қосып жүрген әріптестеріне ыстық ықыласын жаудырды. Мерекелік іс-шарада 30-ға жуық әйел-қыздарға сыйлықтар, құттықтау хаттары мен гүл шоқтары тапсырылды.

«Жастар жылында» жалындаған жас буынға да марапаттар жасалды. Ардагер аналарға деген құрмет те ерекше болды. Аяулы аруларға арналған мерекелік дастархан үстіндегі іс-шара қызықты концерттік бағдарламаға ұласып, мерекелік көңіл-күй салатанат құрды.

Мақпал Рысбаева