Н.Назарбаевтың елжанды жанашырлығын айғақтайды

232

Қазақ елінің тарихында ұлттың ел болып ұйысуына өлшеусіз үлес қосқан қаншама дара тұлғалар бар. Елі үшін ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен жанталаса еңбек еткен Керей, Жәнібек, Хақназар, Абылай, Тәуке хандарымыз бен қатар би шешендеріміз, батыр оғландарымыз, Алаш қайраткерлері Қазақтың елі мәңгілік болсын деген дара арманмен тарих беттерінде қалды.

Қазақ елінің дара арманын даңғыл жолға ұштастыра білген Елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің жаңа келбетін қалыптастыра білді. Әлемдік қауымдастықта Қазақстан Республикасының өзіндік орны мен мәртебесін айқындап, Түркі дүниесінің қағаны Күлтегіннің тасқа қашап жазған араманын, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды іс жүзінде іске асырды.

Мемлекет басшысының өз құзыретін тапсыру шешімі елдің одан әрі дамуына деген шынайы пейілін көрсетіп, елжанды жанашырлығын, айғақтайды.