Qr-код – мемлекеттік қызметке орналасу бойынша гид

309

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті qr-код арқылы мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ауқымын кеңейтуде.

Тек Азияда ғана емес, Еуропа мен Солтүстік Америкада кең таралған qr-код екі өлшемді штирх-код болып табылады, оның көмегімен бір рет басу арқылы шифрланған ақпаратты алуға болады. Qr-кодты оқу құралы сканер сілтемесі орнатылған кез келген смартфон (iOS, Android) бола алады.

Агенттік Департаментінің дербес qr-кодында мемлекеттік қызметке кіру бойынша барлық қажетті ақпарат жинақталған: іріктеу кезеңдері, тестілеу ережелері мен бағдарламалары, тіркеу тәсілдері және т.б.

«Департаменттің негізгі мақсаты — осы сервисті пайдалану арқылы мемлекеттік қызметке ораналасуға ниет білдірген азаматтар үшін барынша қолжетімді және мобильді құрал құру. Qr-коды бар баннерлер адамдар көп жиналатын жерлерде, қаланың барлық жоғары оқу орындарында және қоғамдық көлік құралдарында орналастырылады», — деп атап өтті Агенттік Департаментінің бас маманы А.Раева.
Жақын болашақта осы сервисті тарату ауқымын да, онда шифрланған пайдалы ақпарат санын да арттыру жоспарлануда.