Шымкентте пилоттық режимде акселератор іске қосылуы мүмкін

368

Республика бойынша алғаш рет қолға алынып отырған жоба бүгін қалада іс сапармен жүрген Премьер-министр Асқар Маминге таныстырылды.  Пилоттық жоба мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып, сан түрлі проблемалардың шешілуін жеделдетеді дейді әкімдік өкілдері.

Дубай қаласының тәжірибесінен алынып отырған бұл жүйе Үкімет тарапынан қолдау тапса, орталық бұрынғы халықтық кеңседе (Фронт офис) ғимаратында жұмысын бастайды.

Жоба екі кезеңнен тұрады: Ең алдымен акселераторды ашу, екіншіден акселератордың жұмысын бақылау үшін «Шымкент сити навигаторын» құру. Соның нәтижесінде мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің қатысымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жақсарады.

Осылайша, акселератор жұмыс орындарын құру, іскерлік ахуалды жақсарту, ШОБ дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және басқа да көптеген мәселелерді нормативтік-құқықтық актілерге және бюджет қаражатына өзгертулер енгізбестен тездетілген тәртіпте шешуге арналған алаң деуге болады.

Мақпал Рысбаева