Шымкентте ««KMF» микроқаржылық ұйымының іскер ханымы» атты аймақтық конференециясы өтті

284

Елімізде кәсіпкер әйелдер саны күннен-күнге көбеюде. Алайда, қаржылай, ақпараттық қолдаусыз бизнеспен айналысу тіпті мүмкін емес. Бұл ретте күнгейдің кәсіпкер қыз-келіншектеріне «KMF» микроқаржылық ұйымы мен «KMF Демеу» корпоративтік қоры көмек көрсетуде. Бүгін Шымкентте өткен аймақтық конференцияға қатысқан бизнес өкілдері өз кәсіпті дөңгелетуде өз құпияларымен бөлісті.

«КМФ» микроқаржылық ұйымының «Іскер ханымы» атты аймақтық конференцияға Шымкент пен Түркістан облысынан 150-ден астам бизнес өкілі қатысты. Олар бизнесті ашуда және оны жүгізуде кездесетін кедергілерді талқылады.

Шара ұйымдастырушылары қазақстандық іскер әйелдер бизнес жүргізуде әлемдік заманауи әдістерге жүгінуі тиіс. Сондықтан да өз тәжірибелерін артқысы келетін кәсіпкерлерге сарапшылар мен бизнесті үйрететін мамандар ұйымдастыруды қолға алғандарын айтады.

Күлсара Сапарбекова, «КМФ» МҚО басқарушы директоры: «Біздің ұйым әуелден-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. 150 мыңнан астам клиентіміздің 60 пайызы қыз-келіншектер. Несие, займ ретінде түрлі қаржылық қызметтер ұсынамыз. Сондай-ақ клиенттеріміздің сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі сабақтар ұйымдастырамыз».

Конференция жоспарында атқарылар шаруа шаш етектен. Кәсіп дөңгелетуде өз біліктігі мен тәжірибесі жеткілікті бизнесмендер жас әріптестеріне шеберлік сабақтарын өтуді дәстүрге айналадырған. Мамандар «КМФ» қаржылық ұйымы арқылы кәсіп дөңгелетуге бағыт-бағдар көрсетті. Жиһаз жасаумен айналысатын біздің кейіпкер Мавлюда Усманова мұның жолын жақсы біледі.

Мавлюда Усманова, кәсіпкер: «Бизнесіміз шағын ғана болатын. Біз «КМФ»-ке келіп қаржылай көмек алып, кәсібімізді үлкейттік. Тапсырыс көлеміне қарай жұмысшылар саны да артып отыр бүгінде «.

«КМФ» қаржылық ұйымы әйелдерге арналған арнайы бағдарлама ұсынады. Мамандар қыз-келіншектерге кәсіп бастаудың және оны жүргізудің қыр-сырын үйретуге әманда дайын.

Мақпал Рысбаева