Шымкентте шағын футболдан жолдастық кездесу өтті

176

Жарысты Shymkent жоғары педагогикалық колледжі ұйымдастырған. Аталған білім ордасының 15 жылдығына орай өткізілген бәсекеге өзге де колледждер мен мектептерден 8 команда қатысты. Ойынды ұйымдастырушылар жарыстың тартысты өтеріне сенімді.

Ерлан Байсейтов, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары: «Мектептің оқушылар бар, колледж студенттері бар. Сонымен жалпы саны 8 команда қатысып отыр. «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» деген номинациялар берілген. Және де үш жеңімпазға арнайы диплом мен заттай сылықтар бар».

Сайдың тасындай іріктелген спортшылар тартысты ойын көрсетті. Шаршы алаңның шаңын шығарғанша жарысқан жасөспірімдер арасынан алаң қожайындары өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Нәтижесінде 1,2 орындарды иеленіп, колледж абыройын лайықты дәрежеде қорғап шықты.

Қалдыбек Мырзабек, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студенті: «Қазір біз №11 мектеппен ойнадық, оны ұттық. №64 мектеппен ойнадық, оны да ұттық. Енді келесі турнирге дайындалып жатырмыз. Бұған дейін де бірнеше колледжаралық жарыстарға қатысып көргенмін. Қазір командамыз күшейіп келе жатыр».

Меруерт Ахан