Шымкентте жол апаты салдарынан бір адам қайтыс болды

449

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты 4 наурызда сағат 23.00-де болған. Т. Назарбеков және Бәйдібек би даңғылының бойында «Ниссан» және «Мазда» көліктері соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, «Nissan» автокөлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен бағдаршамның тиым салатын түсіне тоқтамастан өтіп барып, Назарбеков көшесінен шыққан «Мазда» көлігіне соқтығысқан.

«Ниссан» көлігі «Мазда» көлігінің жанынан соққан. Салдарынан сол бетте отырған ер адам ажал құшты. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көлігі мен жол полициясының экипажы келді.

Апат кезінде алты адам автокөлік жүргізушілері мен жолаушылар жарақат алды. Олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Жүргізушілердің қайсысы кінәлі екендігін полиция анықтайтын болады.