Түркістандық полицейлер балаларға сыйлық жасады

211

Түркістан облысының полицейлері балаларға велоқұрылғы, аяқ пен қолға арналған массаж жасайтын құралдарды сыйға тартты

Наурыз мерекесі қарсаңында Созақ АПБ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа барып қайтты. Полиция бөлімінде бір ауыздан ортақ шешім жасалып, қызметкерлерден қаражат жинап орталықтың балаларына сыйлықтар сатып алды.

Тәртіп сақшылары балаларды келе жатқан ұлыстың ұлы мерекесі Наурызбен құттықтап, аяқ пен қолға арналған массаж жасайтын құрал мен велоқұрылғы, сондай-ақ тағы да басқа сыйлықтарды тарту етті.

Орталықтың қызметкерлері, тәрбиеленушілері және олардың ата-аналары Созақ АПБ полицейлеріне уақыттарының тығыздығына қарамастан арнайы көңіл бөліп, сыйлықтарды сыйға тартқандары үшін шын жүректен алғыстарын айтты.