Жүзім шаруашылығы бойынша Түркістан облысы бірінші орында

903

Республика көлемінде облыс жеміс-жидектер мен жүзімдіктердің екпелерінің көлемі және жалпы жиналған өнімі жағынан бірінші орынды иемденеді. 2018 жылы жеміс-жидек екпелерінің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9 мың гектарға артып 19,7 мың гектарды құрады,  оның ішінде жеміс беретін жастағылары – 17,9 мың  гектарды құрады.

Сонымен қатар, жүзімдіктердің көлемі 0,3 мың гектарға ұлғайып 10 мың гектарды, оның ішінде жеміс беретіні – 0,5 мың га-ға және  9,5 мың гектарды құрады. Жеміс-жидектер екпелерінің ұлғаюы Сарыағаш – 53,8%, Қазығұрт – 23,6%, Сайрам – 12,9%, Төлеби аудандарында – 10,1% және Кентау – 2,3%,  жүзімдіктердің алқабының көбеюі Мақтаарал ауданы – 2,3 есе, Сарыағаш – 19,6% және Қазығұрт аудандарында – 2,8% байқалды.

2018 жылы облыстың ауылшаруашылық тауарөндірушілерімен 111,3 мың тонна жеміс-жидектер, 66,2 мың тонна жүзім жиналды. 2017 жылмен салыстырғанда жеміс-жидектердің жалпы өнімі – 37,7%-ға, жүзім – 16,6%-ға артық жиналды.

Жеміс-жидектердің ең жоғары өнімі Кентау қ.ә. – 38,8 мың тонна немесе облыстың жалпы өнімнің 34,8%-ы, Түлкібас ауданы – 21,1 мың тонна немесе 19%-ы және Сайрам ауданының – 19,1 мың тонна немесе 17,2%-ы тауарөндірушілерімен жиналды.
Негізгі жүзім өндірушілер Кентау шаруашылықтарымен – 20 мың тонна жүзім жиналды немесе облыс бойынша жалпы өнімнің 30,2%, Сайрам – тиісінше – 16,5 мың тонна немесе 24,9% және Түлкібас аудандарында – 7,2 мың тонна немесе 10,8%  жүзім жиналды.

Жеміс-жидектің өнімділігі 2017 жылмен салыстырғанда 8%-ға көбейіп, гектарынан 62,3 центнерді, ал жүзімнің өнімділігі 10,2%-ға артып, гектарына 69,4 центнерді құрады.