Данат Жумин өзге аймақтағы әріптестеріне үндеу жолдады

231

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин әріптестеріне ерекше эстафетаны жалғастыруға үндеу тастап отыр. Бұл туралы facebook парақшасында жазба қалдырды. Шымкенттік шенеуніктің тың бастамасына өзге аймақтағы әріптестері де үн қосады деген үміттеміз.

«Құрметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері!
Еліміздің тұңғыш президенті Елбасымыздың тапсырмасымен біз бәріміз «Жемқорлықтан ада аймақтар» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бұл жобаның құрамдас бөліктерінің бірі халыққа әкімшіліктердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, оның ішінде мемлекеттік органдардың кабинеттік жүйеден «ашық кеңістікке» өтуін қолдау болып табылады.

«Оpen space» жұмыс істеу қағидасы өздігінен сыбайлас жемқорлық деңгейін автоматты түрде төмендетіп, қызметкерлердің жұмыс істеу қабілеттігін арттыруға кепілдік бермейді … Алайда ашық форматқа көшу – қоғамға маңызды қоңырау болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметте ұйымдастырушылық әрекетіне тың өзгерістер енгізіп, уақыт талабына сай жұмыс істеу мүмкіндігімізді арттырары сөзсіз.

Мемлекеттік әкімшілік ғимараттардың барлығын бір сәтте қайтадан құрылымдау қиынға соғары анық. Бұдан өзге жетекшілердің қатысуынсыз жұмыс өздігінен жүре береді деп күту де қисынсыз.

Бүгінде әлемдегі жетекші бизнес-мектептердің оқу бағдарламасында «Өзгерістерді басқару» міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Басшыларға өздері басқарып отырған ұжымды қалай жақсы жаққа өзгерту керектігін үйретеді … Сонымен қатар, кез – келген ұжымдық өзгерістің маңызды бөлігі – басшылардың өз еркінде, олардың жеке дайындығы мен өзгеру қабілетіне байланысты.

Махатма Ганди «Егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңнен баста» деген қанатты сөзі бар. Егер біз шынымен ашық әкімдік құрғымыз келсе, онда біз бағынышты адамдардан талап етпестен өзімізден бастайық …

Кез – келген өзгеріс жайлылық аймағынан шығып, көп күш салуды талап етеді … Қабылдау және демалыс бөлмелері бар жайлы кабинеттерді тастап, ашық кеңістікке шығайық. Ендеше, біз бұған қабілетті екендігімізді дәлелдейік. Жетекшілік ететін департаменттердің басшылары мен олардың бағыныштылары бізден үлгі алатынына сенімдімін.

Жұма күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдарды ашық кеңістікке шығу үшін барынша белсенді болуға шақырды және бұл challenge-дің бір түрі болатынын айтты.

Егер әрбір әкімдікте кемінде бір әкімнің орынбасары open space ауысса, біз жалпы мемлекеттік секторда үлкен өзгерістерге жол аша бастаймыз.
Шымкент қаласының әкімдігінде біз бұл қадамды бастадық. Мен және маған бағынысты бес бөлімше жаңаша жұмыс істеуге көшті. Қазірдің өзінде оң өзгерістер бар. Қағазбастылық пен бітіп болмайтын жиындар азайды. Менің ойымша, келесі жылдың басында Шымкент әкімдігіндегі басқа да әріптестерім осы бастамаға үн қосатынына сенімдімін.

Менің әріптестерімнен кім, еліміздің басқа өңірлеріндегі әкімдердің орынбасарлары осы эстафетаны жалғастыруға бейіл?».