Экспедицияға қатысушыларға менталдық йога ұстазы сабақ өтеді

177

«Оңтүстік аңыздары» атты туристік экспедицияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700-ге жуық саяхатшы қатысып жатқаны белгілі. Алдымен Жамбыл облысының киелі орындарын аралаған саяхатшылар Түркістан облысының да табиғаты мен шежірелі тарихымен танысуда.

Марғұлан Сейсенбаевтың бастамасымен құрылған экспедиция құрамында елге танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, журналистер, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер мен спортшылар және өзге де сала өкілдері бар.

Nomad Explorer «Оңтүстік аңыздары» экспедициясына Үндістанда 20 миллионнан астам шәкірттері бар менталдық йога ұстазы келді.

Бүгін кешке ол көне Сауран қаласында «Оңтүстік аңыздары» экспедициясының қатысушыларына бір сағат менталдық йога сабағын өткізбек.