Мәжілісмендер Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізді

326
ҚР ПМ аграрлық комитетінің мүшелері "Александровский садй серіктестігінде

Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің суармалы жерлерді пайдаланудың өзекті мәселелеріне арналған көшпелі отырысын Түркістан облысында өтті.

Мәжілісмендер алдын Ордабасы ауданындағы «Александровский сад» шаруашылығының тыныс тіршілігімен танысты. Бөржар ауылдық округіне қарасты «Ұялы жар» ауылындағы серіктестіктің  қарқынды баумен айналысып келе жатқанына үш жыл болды. Тамшылатып суғару әдісін пайдалану арқылы шаруашылық суды үнемдеп, көшеттердің тез жетіліп өнім беруіне бар жағдай жасалған.

Бақтияр Тағаев

Бақтияр Тағаев, шаруашылықтың төрағасы: «37 га алқапта жеміс ағаштарын отырғыздық. Алманың бірнеше түрін Түркиядан жеткіздік. Бауда қызыл шие, өрік, шабдалы көшеттері де бар. 3 жыл бұрын алғашқы көшеттер отырғызылған бауда жақсы  өнім алынды. Тыңайтқышқа субсидия алдық».

Байділдә Жылқышиев

Байділдә Жылқышиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Тамшылатып суғару әдісін Оңтүстік өңірінде Келес ауданының шаруалары алғашқы болып  қолданды. Бүгінде  бұл әдіс қарқынды баудан бөлек, жылыжайда, бақша өнімдерінде кеңінен қолданылуда». 

Аграрлы аймақтың мүмкіндіктерін сала министрлігі жақсы біледі. Сондықтан да қала, аудандарда кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті шаруаларға жеткізіп қана қоймай пайдалануын қамтамасыз ету керек деп есептейді.

Нұрлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: «Қарқынды баумен айналысатын шаруашылықтарға  инвестициялық субсидия беріледі. Шығынның 30 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі. Бүгінде әлемде су тапшылығы сезілуде. Халықтың саны өсуде. Сондықтан да  суды үнемдеуге аса  көңіл бөлу керек. тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін пайдалану арқылы суды үнемду қажетпіз. Бұл тиімді».

Серіктестіктің жұмысын оң бағалаған мәжілісмендер келесі нысанға жол тартты. Арысқа барар күре жолдың бойы қызыл кілемге айналған. Екі жеті бойы тоқтаусыз жауған жаңбырдың кереметтігінен көк майса жайқалып, көздің жауын алады. Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған депутатты оңтүстіктің табиғаты тамсандырды.

Сергей Звольский

Сергей Звольский, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Маған қатты әсер берді. Кең байтақ даламыздың мына кереметі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Солтүстік Қазақстанда әзірге салқын. Біздің өңір дәнді дақылдар, мал шаруашылығы, жем қорын жасауға бейім. Сіздерде қарқынды бау, жылы жай, көкөніс, бақша өнімдерімен айналысуға барлық мүмкіндік бар. Өңірдің экономикасын дамытуға бағытталған Мәжілісте заңдарда қабылдануда. Кездесу барысында саланы дамыту бойынша шаруалар да өз өтініштері мен ұсыныстарын  берді».

Көшпелі отырыста Кентау қаласы Ораңғай ауылды округінен салынатын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы, кеншілер қаласының тік дренажды ұңғымаларын күрделі жөндеу жобасымен де танысты. Мәжілісмендер Түркістан магистральді каналының қайта құру жұмыстарына оң бағасын берді.

Шынар Оразова