Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Абдуғапар Шажаев Шымкенттегі Қошқарата өзеніндегі балықтардың қырылуын былай деп түсіндірді: «Балықтардың қырылуы туралы хабарлама алған соң, зертхана мамандары оқиға орнына жедел жетті. Зерттеу, анықтау жұмыстары үшін балықтар және су сынамалары алынды. Енді зертханаға үлгілерді жібердік, оны сарапшылар тексереді. Біз бес күн ішінде жауап беретін боламыз».
Әл-Фараби ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарының айтуынша, Ордабасы алаңында да балықтардың өлуі тіркелді. Шымкенттегі Қошқар ата өзеніндегі балықтардың қырылуы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауына алынды, деп хабарлады Орман шаруашылығы комитетінің төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов.