Президент үндеуіне ардагерлер қолдау білдірді

250

Елімізде орын алып жатқан елеулі оқиғалардан ардагерлер кеңесі ешуақытта тыс қалған емес. Күні кеше президент үндеуіне де Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі үн қосуды құп көріпті.

Еліміздің ертеңіне селқос қарамайтын әр азамат сайлау науқанынан тысқары қалмақ емес деп санайтын Ардагерлер кеңесінің мүшелері халықты сайлауға жаппай қатысуға үндеп отыр. Өйткені ел болашағы сіз бен біздің таңдауымызға байланысты дейді ардагерлер. Еліміздің осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерін жіпке тізгендей етіп баяндаған ардагерлер, алдағы уақытта да ел экономикасының бұдан да шарықтап дамитынына сенім білдіретіндерін айтып, пікір алмасты.

«Еліміздің тұрақты дамуы үшін, Елбасымыздың ұстанған ұлы саясатының баянды болуы үшін, ішкі тұрақтылықты сақтау үшін осы бағытымыздан танбауымыз керек» деген ардагерлер саяси науқанға бір кісідей атсалысуға шақырып отыр.

Бекет Тұрғараев, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор: «Кеше Президент өзінің сөзінде «Сайлау Елбасымен кеңесе отырып шешілген шешім» деп айтты. Бұл дегеніңіз бірлесе отырып шешілген шешім ешуақытта кем болмайды деген сөз. Сайлауды келер жылға қалдырмай маусымның 9 – на деп белгілеуі өте орынды деп халық шын жүрегімен қабылдады. Кім президент болады, сайлауға кімдер түседі дегенде еліміздің заңына сәйкес партиялардың ұсынысымен кандидатуралар ұсынылса керек».

Гүлжан Көшерова