SANTO экспорттық шекараны кеңейтуде

154

Үстіміздегі жылдың сәуір айында SANTO компаниясына Қырғызстан Республикасы БАҚ және жетекші дистрибьюторлық компанияларының өкілдері, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына арналған тауарларды импорттайтын Моңғолияның жетекші компаниясы және көтерме сауда желілерінің ең ірі ұлттық компаниясы, Ресейден фармацевтикалық өндірістік компания өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Тараптардың кездесуі кезінде Өзара тиімді ынтымақтастықты ары қарай дамыту және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту туралы меморандумға қол қойылды.

Делегаттар құрамында Қырғызстан Республикасы фармацевтикалық дистрибьюторлары — «Медсервис.KG», «Эляй», «НЕМАН ФАРМ», «ЭРАЙ ФАРМ» компанияларының өкілдері, Қырғызстанның ірі БАҚ журналистері, «Monos pharma» дистрибьюторлық компаниясының (Моңғолия) және «ФармВИЛАР» фармацевтикалық өндірістік компаниясының (Ресей) өкілдері келді.

SANTO зауытының директоры Рустам Байғарин қонақтарға компания жайлы, оның көп жылдық тарихы және Қазақстан фармацевтикалық нарығында ойнайтын маңызды рөлі жайлы айтып берді. Серіктестерге GMP талаптарына сәйкес өндірісті кеңейту және қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өнім қоржынын ұлғайту жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, SANTO Қазақстандағы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге, Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан сынды елдерде экспортты кеңінен дамытып отырған жетекші фармацевтикалық компания болып екендігі жайлы атап өтілді.

Қонақтарға арнап ампулалар мен инфузияларды өндіретін, антибиотиктерді асептикалық жолмен бөліп салатын және қатты пероралды дәрілік заттарды шығаратын цехке экскурсия ұйымдастырылды. Аталмыш цехтер тазалық, зарарсыздық, желдету талаптарын қатаң қадағалау арқасында сапалы әрі қауіпсіз дәрілік заттарды өндіріп отыр.

Уағдаластықтарды күшейту және де ары қарайғы ынтымақтастықтың іргетасын құру үшін Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою салтанаты өтті. Іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкім орынбасары Данат Жұмин және «Атамекен» АКП директоры Нұрлан Кәбіштаев Қазақстан Республикасының үшінші орында тұрған мегаполисі — Шымкенттің экспорттық әлеуетін дамыту және де Моңғолиямен, Ресей Федерациясымен екіжақты байланыстарды нығайту қаншалықты маңызды екендігіне өз сөздерінде тоқталып өтті. Сондай-ақ, іс-шараға «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері» ЗТҚ президенті Бекайдар Нұрмашев және «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері» ЗТҚ вице-президенті Максим Тимошенко қатысты.

Тараптар келесі ынтымақтастық бағыттарына басымдық беруге келісті:

1. Компаниялар арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту және дамыту;
2. Ақпараттық-сабағаттық және маркетингтік өзара әрекеттестікті дамыту;
3. Іскерлік білім беру және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық жүргізу.
Атап айтқанда, тараптар компаниялардың өнімдері мен қызметтерін ілгерілету үшін әлеуетті серіктестерді іздеу кезінде; тауарлар мен қызметтерді жеткізумен байланысты мемлекеттік байқау саудаларына қатысу мәселесінде, нарық конъюнктурасын, коммерциялық сұраныс пен ұсынысты, фармацевтикалық саладағы тауарлық-фирмалық және баға қоюмен байланысты мәліметтерді зерттеу кезінде; өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау үшін ақпараттық инфрақұрылымды дамыту барысында өзара қолғабыс көрсетуге келісті.

Осыған орай экспорт және бизнес стратегиясын дамыту жөніндегі директор Азиз Турдиев былай деп атап өтті: «Халықаралық GMP сапа стандарттарын ендіру және заманауи сапалы препараттарды нарыққа табысты түрде шығару арқасында SANTO Қазақстан фармацевтикалық нарығының көшбасшысына айналып қана қоймай, экспорттық әлеуетті қарқынды дамыта алды. Қырғызстан, Моңғолия және Ресейден келген ең ірі фармацевтикалық дистрибьюторлар біздің зауытпен таныса отырып, біздің өндірістік қуаттылықтарымыздың жоғары деңгейде тұрғанын өз көзімен көруге және де Шымкентте отандық препараттарды басқа елдерге экспорттаумен айналысатын орталықты құру туралы салмақты жоспарларымыз бар екендігіне көз жеткізіп қайтты. Біздің өнімдер қоржынымыз үнемі артып, экспорттық әлеуетіміз де осыдан қалыспай келеді. Енді Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің нарығына шығу алдағы жоспарымызда бар».

SANTO туралы:

Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын«Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қызметін жүргізетін халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобының бір бөлігі болып табылады. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 240-тан аса дәрі-дәрмек бар.

Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, секілді сегіз елдің нарықтарына экспорттайды.
«Монос Фарм Трейд» (Моңғолия):

«Монос Фарм Трейд» өз қызметін 1990 жылдан бастап жүргізіп келеді. Компания дәрі-дәрмектер, биологиялық белсенді қоспалар, медициналық техника, жабдық және аспаптар саудасымен және импортымен айналысады. «Монос Фарм Трейд» денсаулық сақтауға арналған тауарларды импорттайтын жетекші компания және көтерме сауда желілерінен тұратын ең ірі ұлттық дистрибьютор болып табылады. Сондай-ақ, ол тұңғыш жекеменшік фармацевтикалық зауыт болып табылады, онда GMP халықаралық стандарты ендірілген, тұңғыш ғылыми институт, тұңғыш фармацевтикалық университет, тұңғыш фармацевтикалық зерттеу институты қызмет жасайды.

«ФармВИЛАР» фармацевтикалық өндірістік компаниясы (Ресей):

Компания Дәрілік және хош иісті өсімдіктер бүкіл ресейлік институты аясында (ВИЛАР) 1994 жылдан бастап коммерциялық құрылым ретінде жұмыс жасап келеді. 1998 жылдан бастап компания ФармВИЛАР брендімен қызмет жасайды.