Үш жасар сәбиді полиция ата – анасына табыстады

263

Шымкентте үш жасар сәби жоғалған. Ата – анасының айтуынша, аулада ойнап жүрген бүлдіршіннің белгісіз жаққа қарай шығып кеткенін ешкім байқамаған. Алғашында өздері іздеп, кейіннен таба алмайтындықтарына көзі жеткен туыстары дереу полицияға хабар берген. Аз уақытта тәртіп сақшылары ересектердің көзінен таса боп, жоғалған бүлдіршінді тауып,​ ата анасы мен туыстарына табыстаған.

«Шымкент қаласы Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын 3 жасар ұлының аулада ойнап жүріп жоғалып кеткені туралы арызданған. Полиция қызметкерлері бүлдіршінді тез арада тауып, ата-анасына табыстады.​ Полиция қызметкерлеріне риза болған бүлдіршіннің атасы алғысын білдіруде»-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.