Шымкентте отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

254
shymkent.gov.kz

Қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай төрағалық еткен жиынның күн тəртібінде əйелдердің кəсіпкерлікті бастауына қолдау, жұмыспен қамту, өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстардың барысы қаралды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар 1 сəуірден бастап қолға алынған əлеуметтік төлемдер мен отбасылық зорлық-зомбылықты болдырмау тақырыбында да бірқатар сұрақтардың жауабын тыңдады.

Комиссия отырысында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нүркен Бегулиев «Шымкент қаласында әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасының мүмкіндіктері мен жүзеге асырылуы туралы баяндама жасады. Ал Шымкент қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік қорғау бамқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев 1 сəуірден бастап қолға алынған əлеуметтік төлемге құжат қабылдау барысында жұмыс қызу жүріп жатқанын баяндады.

Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Қайрат Ырзақұлұлы «Шымкент демографиялық өсімі жоғары қала, бізде көпбалалы аналар басқа өңірлерге қарағанда көп. Олар үшін қазір қалада 5 ХҚКО демалыссыз, үзіліссіз қызмет етуде. Сонымен қатар, 4 аудан бойынша əкім аппаратының қызметкерлері де бұл қызметті жеделдетуге барынша жұмылдырылды», – деді.

QAINAR KÓZshymkent.gov.kz