Оңтүстік өңірінде туризмді дамыту арқылы ауылдар түлейді.Отырар ауданы

Түркістан

«Түркістанның құндылығын бүкіл әлемге насихаттап, арнайы идеологияны қалыптастыру керек». Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.
Ол үшін әр бір өлкенің ерекшелігі ескеріліп, туристік бағыт жасалынуы тиіс. Ең бастысы көне тарихи ескерткіш нысандар жайлы ақпараттар жинақталып, ол деректер жерлестеріміз бен шетелдіктер үшін әлеуметтік желіде жарияланып отыруы маңызды.

«Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін байқаулар, түрлі іс – шаралар, конференциялар ұйымдастырылуы керек. Туризм саласын дамыту арқылы сауда, қолөнер, кәсіпкерлікті дамытуға керемет мүмкіндік аламыз», дейді облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Ауыл- ел бесігі» Елбасының бағдарламасы бойынша туристер келетін, елімізді танытатын бірнеше «образцовый» үлгілі  ауылды таңдап, соларды дамытамыз. Ол мақсатта республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге бөлінсе, біз облыстан 300 млн-дай  қарастырамыз. Сөйтіп 4 млрд-қа жуық қаражатқа үлгілі санатқа жататын ауылды түлетіп шығарамыз».

Шынар Оразова