Қаладағы батуттар қатаң бақылауға алынады

201

Мамыр айының 25 күні Қарағандыда болған қайғылы оқиғаға байланысты шымкенттік санитар мамандар қалада орналасқан батут иелерімен кездесіп, кәсіпкерлерге санитарлық ағарту, түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.

Естеріңізге салар болсақ, Қарағанды қаласында балалар ойнайтын Батут қатты дауылдан аударылып, 11 жасар бала қайтыс болып, екі бүлдіршін жарақат алған еді. Сала мамандарының айтуынша батут орналасқан алаңдардың жабыны денсаулық үшін қауіпсіз материалдардан жасалуы керек.Оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болуы керек.

Батутты уақытылы дезинфекциялау, дезинсекциялау және тазалау бойынша іс – шаралар жүргізілуі қажет. Бүгін Еңбекші аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлерге ескертпе жадынама таратты.

Нұрлан Күдерұлы