Қ.А. Ясауи кесенесіне елордалық оқушылар келді

186

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейінің дарынды оқушылары келді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, өскелең ұрпаққа ел тарихын кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған шара аясында Қожа Ахмет Ясауи және онда жерленген хан-сұлтан, билер мен барша игі жақсылар,Түркістан мен тарихы туралы ақпарат беріліп, құран бағышталды.

Оқушылар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Сауран қалашығы және Үкаша ата кесенесімен де танысты.