Қалалық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

770

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі Комитеті Төрағасының 2019 жылдың 15-ші наурызындағы №29 бұйрығымен Саменов Асылбек Анварханұлы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Саменов Асылбек Анварханұлы, 1984 жылдың 23 шілдесінде Шымкент қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ гуманитарлы заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясында) сыбайлас жемқорлықты ашу және алдын алу басқармасының 3-ші бөлімінің инспекторы болып бастаған .

2007 жыл мен 2014 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясында) бірнеше лауазымдарында оның ішінде, сыбайлас жемқорлықтарды ашу және алдын алу басқармасының басшылық лауазымында жұмыс атқарған.

2014 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша (ұлттық бюро) департаментінің сотқа дейінгі тергеу басқармасы басшысының орынбасары.

2015–2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша (ұлттық бюро) департаментінің сотқа дейінгі тергеу басқармасының арнайы бөлімінің басшысы.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша (ұлттық бюро) департаментінің Жедел басқармасының басшысы.
2019 жылдың 15 наурызынан бастап Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Үйленген, 2 баласы бар.

Қызметтегі нәтижелі еңбегі үшін ҚР ЭҚСЖКА төрағасының «Құрмет» грамоталарымен және қаржы полициясы органдарының 3,2 дәрежелі «үздік» белгілерімен марапатталған.