«Астана нан» наубайханасы бір ауданды нанмен қамтып отыр

390

Шардара ауданында «Астана нан» наубайханасы жұмыс істеп келеді. 2017 жылы ашылған мекеменің инвестициялық құны –61 млн. теңге. Оның 50 млн. теңгесі өз қаражаты есебінен, 11 млн. теңгені «Ырыс» МҚҰ арқылы жеңілдетілген несиеге алған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ауданға ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері аталған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Наубайхана тәулігіне 12 мың дана нан пісіруге қауқарлы. Мекеме басшысы Мұрат Маликов алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отырғанын айтады.
«Қазіргі таңда, елдімекендерге 5 бағыт бойынша нан таратып келеміз. Тауарымызға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Бастапқыда 6 мың нан дайындасақ, қазір өнім көлемін 2 есеге артып отыр. Мұнда нанның 4 түрін дайындап жатырмыз. Алдағы уақытта кондитерлік өнімдер өндіру жоспарлануда», – деді Мұрат Маликов.

Мекемеде 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Жұмысшылардың орташа жалақысы 70 мың теңге.