Бәйдібек ауданы Шаяндағы №19 колледж осыдан алты жыл бұрын жұмысын бастаған. Содан бері 5 мыңнан астам маманды дайындап шығарды. Ең бастысы білім ордасында ауыл шаруашылығына қажетті механизатор, комбайншылар және де өзге техникалық мамандар бүгінде аграрлы өлкеде еңбек етуде. Олардың 80 пайызға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған. Орта және шағын бизнес дамыған аграрлы өлкеде аталған мамандықтар үнемі сұраныста. Жақында колледжде болған мәжілісмендер жаңа технологияларды меңгерген балалардың жобаларымен танысты.
Білім ордасының басшысы Бақыт Омарбековтың айтуынша қазіргі таңда колледжде 667 бала 6 мамандық бойынша дәріс алуда.
Бақыт Омарбеков, №19 колледж директоры: «Олардың 225-і республикалық бюджеттің қаржысына оқытылуда. Оқу орнында Түркістан облысының барлық аудандарынан, басым көпшілігі Ордабасы, Бәйдібек, Созақ пен Қазығұрт ауданынан келген шәкірттер білім алуда».
Шынар Оразова