Кәсіпкердің үйін тонамақ болған қарақшылар қолға түсті

172

Түркістан облысының тәртіп сақшылары кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын ашты. 21 мамыр күні түнде Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекшілік 102 нөміріне жергілікті кәсіпкерден «үйіме қарақшылар шабуыл жасады» деген хабарлама келеді. Оқиға орын алған жерге шұғыл басқарма бастығы мен жедел-тергеу тобы жетеді.

Жәбірленушілердің сөздеріне қарағанда қаруланған және бетперде киген белгісіз адамдардың қарақшылық шабуыл жасаған кезінде үйдің ішінде, күйеуі мен әйелі және кәмелетке толмаған үш баласы болған. Ер азамат қарсылық көрсетіп үйдің ішінде айқай шу шыққаннан соң, қарақшылар ештеңе алып үлгерместен көліктеріне мініп, іздерін суытқан.

«Аталмыш жайтты полиция басқармасының тергеушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша СДТБТ-ге тіркеуге алды. Түркістан облысының Полиция департаментінде жасалған қылмыстың қатаңдығын ескере отырып, облыстың криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінен және Сайрам АПБ-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларының арасынан арнайы топ құрды. Қылмысты ашумен қатар қылмыскерлерді ұстау үшін үш күн жұмсалды. Осы күн ішінде полицейлер көршілерден сұрақ жауап алып, маңайдың барлығын тегіс шолып шығып, қылмыскерлердің жолдарының барлығын зерделеді- » деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-тергеу тобы қысқа мерзімнің ішінде ауыр қылмысты ашқан. Бес күдіктіні полицейлер тұрғылықты мекен-жай мен Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен қолға түскен. Жанар Есенбекова