Шымкентте «Жас Ұлан» әскери мектебі ашылмақ

652

Шымкент қаласында жаңа Әскери Комиссариат және «Жасұлан» әскери мектебі ашылмақ. Әскери мекемелерге арналған нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қазір жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әскери қызметшілердің қатысуымен өткен салтанатты жиында мәлім етті.

Қала басшысы ел тыныштығын қорғап жүрген офицерлер мен сазбаздарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, әскери қызметкерлерді мерекесімен құттықтады.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: «Еліміздегі әскери күшіміздің мығым болуы үшін көптеген жұмыстар істелуде. Солардың бірі – Шымкентте алдағы уақытта әскери комиссариат ғимараты, «Жас Ұлан» мектебі салынады. Қазір олардың жобасы дайындалуда. Сонымен қатар полиция департаменті және өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаттығатын спорт кешені салынады. Әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де жүйелі шешілуде».

Лаура Нақыпқызы