Шымкенттегі 260 сайлау учаскесі жабдықталуда

614

Шымкентте сайлау учаскелерін жабдықтау жүріп жатыр. Биыл онда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалады.

«Бұл мақсатта қазір дауыс беру өтетін орындарда арнайы бұрыштар жабдықталады. Дауыс беретін орындар, бюллетеньдерге арналған жәшіктер, бақылаушылар мен президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдері отыратын орындар да белгіленген. № 93 сайлау учаскесі Шымкент жоғары медицина колледжінің жатақханасында орналасқан. Қазір мұнда сайлаушылардың тізімі нақтыланып жатыр. Тізім бойынша аталған учаскеге 2 481 сайлаушы тіркелген. Комиссияның құрамы да «Сайлау туралы» заңға сәйкес жасақталған» дейді сайлау комиссиясының төрайымы.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыш ашылды

Гүлмира Дарибаева, №93 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы: «Біздің комиссияда 11 мүше бар. Учаскеміздегі сайлаушылардың саны 2 мыңнан асатындықтан Заң бойынша  осылай жасақталған. Комиссия құрамының   жартысы  білім ордасының қызметкерлерімен жасақталса, қалған 50 пайызы қоғамдық бірлестік, түрлі саяси партиялардан құрылған».

Шынар Оразова