Шымкенттегі энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

199
фото Казинформ

Күзгі-қысқы кезең штаттық режимде өтті. Күзгі-қысқы кезеңде қаланың энергия кәсіпорындарында ірі технологиялық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Шымкент қаласында жылу беру кезеңі 2019 жылдың 24 наурызында аяқталды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының энергетикасы келесі энергия кәсіпорындарымен ұсыналады:

1. «3 – Энергоорталық» АҚ – Шымкент қаласында электр және жылу энергиясын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС – Түркістан облысында және сонымен қатар Шымкент қаласында электр энергиясын тасымалдаумен, берумен және таратумен айналысатын аймақтық энергия беруші ұйым.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының энергия кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен, «3-Энергоорталық» АҚ-ның Шымкент ЖЭО-да 2019 жылға ст.№1 қазанның және ст.№1 турбинаның ағымдағы жөндеуі, сондай-ақ ст.№3 қазанның және ст.№2 турбинаның күрделі жөндеуі жоспарланған. Бүгінгі таңда, ст. №1 турбина ағымдағы жөндеуден өтуде.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ағымдағы жылға кабельдік, әуе желілері, КТП, ТП және қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Бекітілген кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында.