Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов бүгінгі таңда құқыққорғау қызметтің жалғыз ардагері болып отырған Василий Афанасьевич Мухачевтің үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты.
2019 жылдың ақпан айында Василий Афанасьевич Мухачев 97 жасқа толды. Өзінің жасына қарамастан, ол анық ақыл-есін, мықты есте сақтау қабілетін, көру және есту қабілеттерін сақтап қалған. Таяққа сүйеніп жүрсе де, қалада серуендеуді ұнатады, іс-шараларға қатысады. Шынымен де аталар мен арғы аталарымыз болаттан жасалынғандай мықты.
Василий Афанасьевич соғыс кезеңін көзіне жас алып, еске алды. Әскери училищеде үш ай оқып, атуды соғыста үйренесің деп майданға аттанып кетеді. Ол Сталинград түбінде Мәскеу үшін соғысқан, содан кейін Карел-фин майданына жіберілген, сол жерде соғыстың соңына дейін шайқасқан.
1949 жылы Қазақстанға келіп, ІІМ органдарына жұмысқа тұрып, Шымкент қаласына өрт сөндіру постының бастығы болып жолдама алған.
Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерге бағалы сыйлықтар сыйлап, жылы лебізін білдіріп қайтты.