Шымкенттің миллионыншы тұрғыны 1 жасқа толды

213

Шымкенттің миллионыншы тұрғыны бүгін 1 жасқа толды. Өткен жылдың 17 мамырында дүние есігін ашқан сәби қала тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлағаны сөзсіз. Себебі, Шымкент ресми түрде мегаполис статусына ие болған еді.

Тарихи күні бойы – 54см, салмағы – 3100 грамм Айсұлу Ерман өмірге келді. Бүгінде тәй-тәй басқан бөбектің салмағы – 10 келі, бойы – 75 см-ге жеткен.

Ол жас отбасының тұңғыш перзенті. Әкесі медицина саласында қызмет етеді. Айта кету керек, Шымкенттің миллиондық қала болуына үлес қосқан жас отбасыға былтыр екі бөлмелі пәтердің кілті табысталған еді.

Айя Мүтәлі