Шымкенттік боксшы қыздар спартакиада алтынын сарапқа салады

264

Бүгін еліміздің үздік боксшы қыздары Шымкентте жұдырық түйістіруін бастады. Бесінші жазғы спартакиада шымшаһарда жалауын көтерді. Бұл жолы 15 команда жиналған.

Түркістан мен Шымкент жеке құрамалар іріктеген. Дина Исламбекова облыстың атынан ринг төріне көтерілсе, Жайна Шекербекова Шымкенттің намысын қорғайды. Төрт бойжеткен спартакиада алтынын сарапқа салады. Бүгін іріктеудің алғашқы күні, ал ақтық кездесулер сенбі күнге жалғасқан.

Сарбиназ Алдабергенова