25-мамыр күні қалалық онкологиялық орталықта сағат 09:00-ден 14:00 аралығында «Тері қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау » бойынша ашық есік күні өтеді.
Бұл күні кез -келген қала тұрғыны жолдамасыз әрі тегін дәрігер — онкохирургтың қабылдауына кіріп, цитологиялық тексерістен өте алады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында тері қатерлі ісігімен 907 адам есепте тұрады. Мұндай қатерлі ісік ауруына көбіне егде жастағы азаматтар шалдығыды дейді мамандар.