Шымкеттік азаматша қатерлі ісікті жеңіп шықты

280

Обырдан 100 пайыз айыққан пациент дәрігерлерді арнайы іздеп келіп, алғыс айтты. Онкологтар 57 жастағы қала тұрғынына осыдан бір жыл бұрын «көкірек безінің қатерлі ісігі» диагнозын қойған.

Ракқа шалдыққан азаматша ауруға қарсы тұра біліп, онкологтар тағайындаған емді үш ай бойы үзбестен қабылдап шыққан. Нәтижесінде соңғы тапсырған анализдері оң нәтиже көрсетіп, аз ғана уақыттың ішінде ауруынан толық айығып шықты. Қатерлі ісікті жеңген азаматша, өзі сияқты ракқа шалдыққан науқастарға аурудан дер кезінде емделуге шақырады.

Лаура Нақыпқызы