Түркістан облысы полицейлері «Мигрант» профилактикалық іс-шарасын өткізді

138

ҚР ІІМ-нің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мен заңды белшесінен басып жүрген мигранттарды анықтау мақсатына бағыттаған тапсырмасына орай және Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбековтың бұйрығына сәйкес, мамыр айының 20-22 күндері аралығында «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Негізгі мақсат — облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, ҚР-на келу, ҚР-да болу, ҚР-нан кету ережелерін сақтау болып табылады.

Аталған іс-шара барысында Отырар АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері бірқатар жұмыстар жүргізді. Атап айтсақ, Өзбекстан Республикасының 1 азаматына ҚР-да жүріп-тұрудың ережесін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР-ның халықтық көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту шарасы көрілді.

Сондай-ақ аудан көлемінде уақытша тіркелген 416 шетелдік азаматтың тұрғылықты мекен-жайы тексерілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының 3 азаматының жеке куәлігінің мерзімі өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша айыппұлдар салынды.

«Мигрант» профилактикалық шарасы кезінде күдік тудырған 19 азамат Отырар АПБ-не жеткізіліп, саусақ іздері алынды. Ал, Кентау қаласында өткен «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы аясында 37 шетел азаматына ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша хаттама толтырылып, ескерту берілді. Оның ішінде 2 шетел азаматы Кентау қаласының сотымен ҚР-нан аластатылса, 1 шетелдікке Кентау қалалық сотымен әкімшілік айыппұл өндірілді. Жеке басын анықтау және саусақ іздерін алу үшін Кентау ҚПБ-на 63 шетелдік азаматтар жеткізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы бойынша 7 азаматқа хаттама толтырылып, ескерту берілді. ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабына сәйкес 1 Қазақстан азаматына хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Жалпы, Кентау қаласында ТМД елдерінен келіп, 123 шетел азаматы уақытша тіркелген, Ресей Федерациясынан 10 азамат, Өзбекстан Республикасынан 113 азамат тіркелген, оның ішінде 6 азамат оқуға келген студент болса, 74 азамат жұмыс күшіне тартылған, ал 43 азамат жеке іссапармен келгендер санын құрайды.

Тексеру барысында бірнеше заңсыздықтардың беті ашылды. Шетелдік мигранттардың кейбірінің Қазақстанға келіп-кету тәртібін бұзғаны анықталса, енді бірінің жасырынып, рұқсатсыз жұмыс жасап жүргені белгілі болды. «Мигрант» профилактикалық іс-шарасының қорытындысы көрсеткендей, облыс тәртіп сақшыларының нәтижелі іс-әрекеттерін, полиция қызметінің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі деп санауға болады.