23 жылқыны жымқырған күдіктілер құрықталды

161

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында 30 бас жылқысын жайылымға қараусыз жіберіп, кешкісін жылқылар арасынан жалпы құны 4 миллион теңге тұратын 12 бас жылқылары келмей, жоғалып кеткенін көрсетеді.

Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы секілді мал ұрлықтары бойынша, тағы 3 бірдей жәбірленушілер де арызданады. Олар өз арызында жайылымда жүрген 11 бас жылқыларының жоғалып кеткенін көрсетеді. Аталмыш жергілікті тұрғындарға жалпы құны 3 500 000 теңге шығын келтірілген.

Жылқылары жоғалғаннан кейін өздері іздеген жәбірленушілер, өздігінен таба алмағандықтан аудандық полицейлерге арызданған. Ал, аудандық полицейлері осы мал ұрлығын ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркеді. Аталған 4 мал ұрлығы яғни қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, қылмыскерлерді құрықтау мақсатында арнайы топ құрылып, полицейлер тез арада іске кіріседі.

Криминалдық полиция басқармасы, аудандық полицейлер мен тергеу бөлімі қызметкерлері бірлесе қылмыстың ізін суытпай ашуға жұмыс жасайды. Аудандық тәртіп сақшыларының жылдамдығы, қырағылығы, шеберлігінің нәтижесінде 3 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген мал ұрлықтарын жасаған күдіктілер қамауда, істеген қылмыстарын толық мойындады.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығының алдын алу үшін қажетті барлық шараларды іске асыруға шақырады. Төрт-түліктеріңізді қараусыз қалдырмай, бақташы жалдап, ен-таңбаларын салдыртып, қора-жайларын мықтылап бекітуге кеңес береді. Мал ұрлығы бола қалған жағдайда тез арада полицияның «102» телефонына хабарласуға шақырады.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі