Абай аудандық әкімдігі жаңа қонысқа көшті

502

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты қонысын тағы да өгертті. Бұған дейін әкімдік Қазыбек би көшесіндегі №44 үйде орналасқын еді. Енді аудан әкімдігін іздеген тұрғындар Тәуке хан даңғылындағы №3 үйге баруы тиіс.

Айта кетейік, Абай ауданының әкімдігі жыл басынан бері бірнеше ғимаратқа ауысты. Бұл жолғы көші-қонды аудан басшылығы тұрғындардың келіп кетуіне ыңғайлы болуы үшін жасағанын айтады.