Арыс тұрғындарына 80 тоннадан астам гуманитарлық көмек берілді

136

Апаттан зардап шеккен арыстықтарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен көмек келуде. «Арыс, біз біргеміз!» акциясы бүкіл республиканы жаулады.

Күні кеше Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, БҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан Арысқа жіберілген 150 тонна заттың 80 тоннадан астамы тұрғындарға таратылды. Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге де аймақтардан азық-түлік тиелген жүк көліктері Арысты бетке алды.

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты «Түркістан»корпоративтік әлеуметтік даму қорына түскен қаржы көлемі 1 млрд. теңгеден асты. Қор әлі де шотта жинақталып, арнайы комиссия арқылы тұрғындарға берілетін болады.