Арыстағы жарылыстан көз жұмған сарбаз бас ми жарақатын алған

205

Арыстағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды. Марқұм болған азамат Арыс қаласының әскери бөлімдерінің бірінде келімшарт бойынша қызмет етіп келген 1987 жылғы сержант. Жойқын жарылыс кезінде әскери қызметкер бас ми жарақатын алып, ауыр халде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген.

Бір тәуліктен аса реанимацияда жатқан азамат 25 маусым күні түнгі сағат 22:30-дар шамасында көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, барлық медициналық көмек көрсетілгенімен әскери қызметкердің бас ми жарақаты ауыр болғандықтан өмірін аман алып қалу қиын болған. Қаза болған сержанттың денесі сот медициналық сарапатамаға жіберілді.

Вячеслав Цай, бөлім меңгерушісі: «Әскери қызметкер ауруханаға ес – түссіз халде жеткізілді. Жағдайы ауыр болатын. Республикалық орталықтан санавиация желісімен мамандарды шақырттық. Республикадағы орталықтан келген мамандар қажетті медициналық көмектің барлығын көрсетті».

Лаура Нақыпқызы