Úı ANONS 200 сарбаз ант қабылдады

200 сарбаз ант қабылдады

Сарыағашта 200 жас сарбаз Отан алдында салтанатты түрде ант қабылдады. Ел шебін қорғауға серт бергендердің қатарында Алматы қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан келгендер бар. Бір ай бойы алғашқы әскери дайындықтан өткен сарбаздар енді толыққанды қызметке кіріседі.

 

Сарыағашта 200 сарбаз Отан алдындағы борышын адал өтеуге серт берді. Олар Алматы қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан шақырылған. Олар осыған дейін бір ай бойы бастапқы әскери дайындық курсынан өтіп, шыңдалған. Оқу-жаттығу кезінде жоғары нәтиже көрсетіп, көзге түскендердің бірі –Әлібек Ұзақбаев. Ол салтанатты рәсімде алғашқы марапатын алды.

 

ӘЛІБЕК ҰЗАҚБАЕВ, САРБАЗ: «Отан алдына салтанатты түрде серт беру күні әрбір ер азаматтың өмірінен ойып алар орны бар бұл күннің біз үшін маңызы зор. Әскер мен үшін әскер қатарында Қазақстан республикасының қарулы күштері қатарында қызмет ету нағыз ер азамат екенімді дәлелдеумен пара пар дүние. Әскер халықтың қорғаны және сенімді халқыны халқымыздың тыныш ұйқысы үшін елім деп еміреніп жұртымдеп жұмыла әрекет етеміз».

 

Салтанатты рәсімге перзентінің қуанышын бөлісу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен ата-аналар мен туған-туыстары да келді. Жиын барысында ұлдарын үлгілі тәрбиелеген бірнеше ата-анаға алғыс хат табысталды. Ал қатардағы жауынгер Мейірбек Сапарбаевты қолдауға оның бүкіл отбасы мүшелері келіпті.

 

АҒИЛАШ САПАРБАЕВА, ҚАТАРДАҒЫ МЕЙІРБЕК САПАРБАЕВТЫҢ ӘПКЕСІ: «Бүгінгі ант қабылдау мерекесіне арнайы келіп қалған жайымыз бар Сапарбаев Мейірбектің бауырлары боламыз ант қабылдау рәсімі өте жоғары деңгейде өтті сәл ыстығына қарамастан соңына дейін ұшырадық сарбаздарға тек қана сәттілік анттарына адал болсын».

 

Ресми бөлімнен кейін жас сарбаздар жиналған қауымға өз өнерлерін көрсетті. Олар салтанатты маршпен жүріп өтіп, дене дайындығы жаттығуларын, қарумен және саптық дефиле элементтерін паш етті. Сондай-ақ, әскери қоян-қолтық ұрыс әдістерінен көрсетілім ұсынды.

Әсел Мәлік