Арыстағы жарылыс салдарынан ата-анасынан көз жазып қалған балалар аз емес. Олардың басым бөлігін мешіттерге, мектептерге, эвакуациялық орталықтарға әкеліп тапсырып жатыр. әлеуметтік желілер арқылы көмек сұрап жатқандар да жоқ емес.
Шымкенттегі орталық мешітке келіп орналасқандардың саны шамамен 500-ден асқан. Сонымен қатар, ата-анасынан адасып қалған, балабақшадан, лагерьлерден әкелінген балалардың саны 200-ге жуық, дейді Шымкент қаласындағы «Ақмешіт» орталық мешітінің қызметкерлері.
Арыс қаласындағы жарылыстан жаппай көше бастаған тұрғындардың біразы Шымкент қаласындағы орталық мешітке («Ақмешіт») орналасуда. Олардың арасында ата-анасынан адасып қалған балалар көп. Мешіт қызметкерлері ата-аналарымен барынша байланыс орнатуға тырысуда.