Дзюдодан жүйріктер анықталды

158

Нұрыш Жұдабайды еске алуға арналған аламан тұңғыш рет жалауын көтеріп отыр. Ал, оған қатысу үшін үшінші мегаполистің 130 спортшысы жиналды.

Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрыш Жұдабайды еске алуға арналған аламанға қатысушылар тас – түйін дайындалып келген. 11 және 12 жастағы жеткіншектер шымкенттік әр спорт мектебінде бас қосып отыр. Солардың бірі – Ерасыл Мамыров.

Дзюдошылардың бұл осы маусымдағы соңғы жарысы. Ақтық чемпионатта сәтті өнер көрсеткендер қыркүйек айында республикалық аламандарға жолдама алатын болады. Олардың бастысы Қазақстан біріншілігі.

Енді дәстүрлі түрде жалғасын табатын жарыс жексенбіге дейін жалғаспақ. Ал топ жарғандар медаль және грамоталармен марапатталады.

Назерке Үкібасова