Есірткі саудагері құрыққа түсті

82

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Допинг» жедел профилактикалық іс-шара барысында қала маңындағы елдімекендердің бірінде есірткі саудагерінің ізіне түсіп, күдіктіні өз үйінің ауласында есірткі затын сату кезінде ұстаған.

Жасырын орындарды тінту кезінде мөлшері бойынша өлшеп, оралған және сатуға дайын жалпы салмағы 100 грамнан асатын героин тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған жәйт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ғалымжан Кенжебек