Ішкі істер министрі халыққа есеп беру кездесуін өткізеді

387

Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылғы 21 маусымда Министр Е.З. Тұрғымбаев құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес проблемалары және ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша халыққа есеп беру кездесу өткізетінін хабарлайды.

Өңірлермен бейнеконференцбайланысты қамтамасыз етумен кездесу 2019 жылғы 21 маусым сағат: 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Д. Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы», киноконцерт залында өтеді.

Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда Министрдің блогына https://dialog.egov.kz/blogs/32771/welcome сілтемесі арқылы, Call-орталыққа 8(7172) 71-56-36, 71-56-35 телефондары арқылы хабарлауды немесе Press@mvd.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Сұрақтар ағымдағы жылғы 21 маусымға дейін қабылданады.