Кәріз қақпақтарын ұрлаумен айналысатындар азаймай отыр

202

Елімізде кәріз құдығына құлап мерт болып жатқан оқиғалар көптеп орын алуда. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, Түркістан облыстық полицейлері қара және түсті металл қабылдайтын орталықтарды үнемі тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 20-ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысында, 2018 жылдың 12 айында барлығы 50-ден астам су-кәріз құбырларынының темір қақпашаларын ұрлау жайты орын алған. Оның 23 қылмысы ашылған. Жедел алдын алу іс-шаралары барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кәріз қақпақтарын ұрлаушыларды қолға түсіруде. Бақылау қатаң түрде жүргізіліп, қақпақты жымқыру тыйылуда.

Мысалыға, 2019 жылдың 12 айында 51 қақпақ ұрланып тіркелсе, биылғы жылдың 3 айында 2 қақпақ ұрланған. Оның 1-і ашылды. Ұрланған су құбырларының темір қақпақтарын металл қабылдайтын орындар алып, өңдеп, ерітіп, металл ретінде басқа да орындарға сатып жіберуде. Сол себепті кәріз люктерін ұрлаудың ашылу деңгейі төмен.

Біздің ойымызша, мықты металл-шойыннан жасалған қақпақтарды жымқырып, пайда табудың көзіне айналдырғандар өзгені ойламайтын санасыздар. Беті жабылып тұрған құдықтардың қақпақтарын ұрлап жетімсіреткен күдіктілер мен оны арзан бағаға сатып алған кәсіпкерлер де қылмыскерлер. Өйткені аталған қылмыс орын алған жағдайда, басқа жандардың өміріне қауіп төнеді.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі